Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрып-соғып, интимдік видеомен бопсалады": Алматылық келіншек бұрынғы сүйіктісінен зәбір көріп келген

Жәбірленушінің экс-сүйіктісі әйелдің соңына түсіп, қорлық көрсеткен. Қоғам белсендісі Дина Тәңсәрі әлеуметтік желіде алматылық тұрғынның соққыға жығылған видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Қоғам белсендісі ер адамның әйелге бірнеше рет қол көтеріп, интимдік видеомен бопсалағанын айтады. Сондай-ақ Дина Тәңсәрінің айтуынша, күдікті былтыр тамыз айында әйелдің санына пышақ сұққан. Салдарынан жәбірленуші бірнеше ай бойы қозғала алмай қалған.

“Жәбірленуші еш жерде жұмыс істей алмайды. Күдікті қалай екені білгісіз, қыздың жұмыс орнын біліп алған. Осылайша жәбірленуші жұмыстан шығуға мәжбүр болады. Ол бірнеше ай бойы жәбірленушіні сусыз, тамақсыз аш ұстап, ұрып-соққан. Отбасын өлтіремін деп қорқытқан. Қызды бопсалау үшін интимдік видео түсірген”, – деп жазды Дина Тәңсәрі.

Оның айтуынша, 6 сәуірде ер адам қызға тағы да шабуыл жасап, қолын айнамен кескен. Әлеуметтік желіде жәбірленушінің соққыға жығылған видеосы пайда болды.

Алматы полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

“Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар полицияға жеткізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.

 

Талқылау