Желіде бұрынғы полиция басшысы Серік Күдебаевтың ұсталған кездегі фотосуреті пайда болды
Әлеуметтік желіде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұсталған кездегі фотосуреті пайда болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұны журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялады.
Бұған дейін Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қашып кеткен Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын растады.
2022 жылғы 13 мамырда Серік Күдебаевтың Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі.
9 наурызда Алматы облысы ПД экс-бастығы "гипертония" диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілді. Сотталушының ауруына байланысты сот отырыстары бірнеше рет кейінге қалдырылғандықтан, оны сотқа мәжбүрлеп жеткізу туралы шешім қабылданды.
3 сәуірде Серік Күдебаев сотқа келмеді және оған халықаралық іздеу жарияланды. ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы ПД бұрынғы басшысы шекараны ресми түрде кесіп өтпегенін мәлімдеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"