Түркияда жүрген: Шетелге қашып кеткен Алматы облысы полициясының экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталды
Алматы облысы полиция басқармасының экс басшысы Серік Құдебаев ұсталды. Ақпаратты Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысының ұсталғанын растады.
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында БАҚ өкілдері Бас прокурор Берік Асыловтан: "Күдебаевтың ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені жайлы ақпарат рас па?" деп сұраған еді.
"Иә", – деп қысқа жауап берді Берік Асылов.
Сонымен қатар ол Серік Күдебаевтың Түркиядан жеткізілгенін де айтты.
Еске салайық, Қазақстаннан қашып кеткен Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаев шекарадан тау арқылы өткен болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов мәлімдеген. Сондай-ақ Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге