Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 200-ден астам нысан жекешелендіру тізімінен алынып тасталды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мемлекеттік монополистердің орнына жеке монополистердің пайда болуына жол бермеу үшін коммуналдық шаруашылықтарды жекешелендіру тәсілі қайта қаралғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алибек қуантыров

Әлібек Қуантыров Үкіметтің бүгінгі отырысында қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін және олардың сапасының нашарлауын болдырмау мақсатында жекешелендіру объектілер тізімінен жергілікті табиғи монополиялар нысаны болып саналатын және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды 200-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысанның алынып тасталғанын айтты. 

“Осылайша, бұл объектілер мемлекеттің меншігінде қалады", - деді Әлі Қуантыров Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұнымен қоса алдағы уақытта мұндай объектілерді жекешелендіру туралы мәселе тек инвесторлар тарапынан мемлекет мүдделерін ескеретін шарттармен келіскен жағдайда ғана қаралуы мүмкін.

"Сөйтіп мемлекеттік мүлік тізілімінде "Табиғи монополиялар субъектілері" деген жаңа бөлім пайда болады. Аталған бөлімде жеке инвесторлар инвестициялық бағдарламасын ұсынып, нысанды сатып алуға өтінімін беру мүмкіндігі көзделетін болады", – дейді Ұлттық экономика министрі.

Талқылау