Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел бұрынғы күйеуін сотқа беріп, ай сайын 86 мың теңге төлеуге міндеттеді

карта
Фото: Depositphotos.сom

Байқоңырда баласы үш жасқа толғанша өзін асырауға қаржылай көмек көрсетпеген күйеуін сотқа берген әйел жеңіп шықты. Енді ер адам үш жасқа толғанға дейін әйеліне ай сайын 86 500 теңге төлеп тұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Байқоңыр қалалық сотының мәліметінше, әйел көмек көрсетпейтінін негіз етіп бұрынғы күйеуін сотқа берген. 

“Талап қоюшы Байқоңыр қалалық сотына жауапкерден баласы үш жасқа толғанға дейін өзін асырауға ай сайын 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 86 500 теңге мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы талап арыз берген. Оның айтуынша, жауапкер өз еркімен материалдық көмек көрсетпеген. Осыған байланысты ол баласы үш жасқа толғанға дейін өзіне алимент төлеуді сұраған”, – делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі тоқтатуды және келісімді бекітуді сұраған. 

Келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыны асырау үшін бала үш жасқа толғанға дейін ай сайын әр айдың 15-іне дейін 20 АЕК мөлшерінде алимент төлеп тұруға міндеттелген.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алимент төлемей жүргендердің тізімі жарияланатыны туралы хабарлаған едік. Олардың арасында бірнеше жылдан бері құқық қорғау органдары таба алмай жүргендер де бар. 

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 29 Қазан, 2026 17:30