Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке клиникалар МӘМС бойынша емдеуден шеттетілмек

Жеке клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен шеттетілуі мүмкін. Бүгін Астанада бас қосқан 300-дей жеке кәсіп иелері денсаулық сақтау министрлігіне өкпесін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Айтуларынша, жаңа жылдан бастап жауапты ведомство күндізгі стационарда науқастарды емдеуге ақша бөлуді тоқтатпақшы.

"Бізге қаладағы емханалар жібереді. Біз оларды қабылдап, 7-8 күн қарап, қайтадан шығарамыз. Соны жабамыз деп жатыр. 56 күнде стационарда оларға жауап бермейді. Емханаға барса, ол жақта кезек көп. Қазір белгіленген ережеге сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында инсульт, инфаркт алған науқастар жеке клиникаларда қарала алады”, – дейді жеке клиника иесі Жәәмилә Бопиева.

Созылмалы кеселі бар азаматтар да қалауынша аурухана таңдау құқығына ие. Ал жаңа жылдан бастап барлық ем-дом шаралары тек мемлекеттік емханаларда жүргізіледі. Ақшадан қағылғалы тұрған жеке клиника иелері бұған қарсы. Дегенмен денсаулық сақтау министрлігі бұл бұйрықтың әлі күшіне енбегенін айтады. Әлі қоғам талқысына ұсынылады екен.

Талқылау