Қазақстанда мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын қысқартады ма? Білім министрінің жауабы
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі жазғы демалысты қысқарту мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқушылардың бір апта бұрын көктемгі демалыстарға барғанын есепке алғанның өзінде жазғы демалысты қысқарту туралы сөз қозғауға келмейді.
"Бізде жазғы демалысты қысқарту жоспарымыз жоқ. Одан әрі күтпеген жағдайлар болса, біз бұған келуіміз мүмкін. Бірақ мен қайталаймын, біз жазғы демалысты қысқарту туралы жоспарлап жатқан жоқпыз. Бұл сұрақ қарастырылмайды", - деді министр.
Аймағамбетов бұған дейін оқушылардың қашықтықтан оқытуға көшуіді түсіндірді. Сөзінше, министрліктегілер бұған дейін бірінші болып осындай жағдайға түскен басқа елдердің тәжірибесін зерттеген. Олардың барлығы дерлік осы режимде оқуға көшті: әлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы қашықтықтан оқиды.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды