AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаздың алғашқы айында Қазақстанның үш облысында құрғақшылық болады деп болжануда

Маусым айында Қазақстанның үш облысының кей аумақтарында құрғақшылық болады, дейді "Қазгидромет". Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алдын ала болжамға сәйкес, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық болжанады. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болады", –  дейді бейсенбі күнгі жарияланған жазбада.



"Қазгидромет" мәліметінше, қолайлы орташа ылғалды жағдай Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында болады деп күтілуде.

"Құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері, Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінеді. Қызылорда және Маңғыстау облыстары агроклиматтық аудандастыруға сәйкес, VIII агроклиматтық аймаққа жатады және құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады", –  дейді синоптиктер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр