Жайылымды бөле алмаған: Түркістандағы ұлтаралық жанжалдың жай-жапсары белгілі болды
Түркістан облысындағы жер дауы кезінде ауыл тұрғынының ұлтаралық араздықты қоздыратын сөздер айтқаны видеоға түсіп, желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам ауылының жеріне өзге ұлт өкілін өткізбейтінін айтты. Түркістан облысының ДП өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Оқиға күндіз Төлеби ауданында жайылымдық жерде болған. Онда жергілікті тұрғындар мал жайылымдарын бөлу мәселесін талқылаған. Балағат сөздер айтқан ер адам өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-тармағы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша тіркелді", – деді полициядағылар.
- 2 млн қазақстандық кезекте тұр: Елімізде тегін 10 сотық жер неге оңайлықпен берілмейді?
- "Суды аз сұрайтын дақылдар егіңдер дейді": Түркістан облысындағы шаруалар су тапшылығының зардабын тартып отыр
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Түркістан облысы ІІД басшысы бұл істі өз бақылауына алып, Төлеби ауданына шыққан. Сондай-ақ тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Қазір аудандағы жағдай тұрақталған.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"