Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жау алыстан келмейді”: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмонов Фото:Ozgeris.info

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол өз жазбасында 10 жылғы отбасылық өмірінде түрлі қиындықтарды бастан өткергенін айтып, әсіресе енесі тарапынан қысым көргенін айтып отыр.

"Жау алыстан келмейді деген бекер айтылмаған. 10 жылдық өмірімнің 6 жылында мені кемсітіп, өсекке қалдырды. Шавкаттың анасының әрекеттеріне таңғаламын. Баласы UFC-де табыс таба бастаған соң мені қазақ деп кемсітіп, жамандады. Қазақтарды “мал” деп атаған сөздерін де естідім. Соған қарамастан, өзі қазақ жерінде жүр. Ақыры арамызды бұзып, ажырасуымызға себеп болды. Балаларымның несібесіне таласқандар да болды. Дегенмен, қазақ екеніме шүкір", – деп жазды Гүлайым Рахмонова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген еді

Сонымен қатар, 27 наурыз күні сот Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарады. Аталған іс екі адамның өліміне әкеп соққан апатқа байланысты қозғалған.

Сот шешімімен ол Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда жаза 5 жылға кейінге шегерілді.


Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты: Ол екі адам көз жұмған жол апатына кінәлі деп танылды


Үкім шығару кезінде айыпталушының кәмелетке толмаған төрт баласы бары ескерілді. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Аталған жағдай қоғамда кеңінен талқыланып, түрлі пікірталас тудырып отыр.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 27 Наурыз, 2026 18:35