Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жатақханаға барғанша жылап бардым": Анна Данченко басынан өткен қызықты оқиғасын айтты

 

Тележүргізуші Анна Данченко студенттік шағындағы қызықты естелігімен бөлісті. Журналист жаңа жыл қарсаңында болған оқиғасын айтты. 

Бұл туралы тележүргізуші желідегі парақашсында жазды. 

"Жасым 17 де. Бірінші курсқа түсіп, топ басшысы (староста) атанған кезім еді. Группада 23 қыз. Мерекеге орай қыздардан ақша жинап, факультетті безендіру үшін шар, гирлянда алуым керек болған. Ақтөбедегі "колхозный базарға" барам деп шештім. Алматыдағы "барахолка" секілді ол жақта да көп заттарды арзан бағаға алуға болатын. Группалас құрбыммен базарға келіп, алдымен бәрін аралап шықтық, бағаларды біліп алып, қайдан не алатынымызды шешіп, есептеп алдық та, алдымен түрлі түсті шарлардың 25 данасын алайық деді. Ерінбей бәрін үрлеп,тексеріп алдық та, енді төлейін десем, сумкамда әмияным жоқ. Бірнеше рет қарадым, жоқ  "Ұрлап кетті ақшаңызды",- деді сатушы, "сумкаңызды кесіп алып кеткен, қараңыз, бір жағы пышақпен тіленген",- деген сөзді естіген кезде көзімнен жас шығып кетті. Өзімнің де, қыздардың да ақшасы жоқ! Әйтеуір, құрбымның қалтасында біршама тиын бар екен, факультетке керек заттарды алып алдық. Жатақханаға жеткенше жылап бардым. Біреуге қарыз болған жамаааан! Оған қоса тамақ пен ауылға қайтатын билет алуға ақшам болмады".

Анна Данченко жоғалған ақшасының өзіне қайтып келгенін айтты. Осылайша біреуге істеген жақсылығың өзіңе жақсылық болып қайтады деген ойын жеткізді. 

"Сөйтіп, іс-шараны аман-есен өткізіп, сессияның соңғы емтиханын аяқтап, автобустан түсіп келе жатсам тура алдымда жатқан әмиянды көріп қалдым. Жан-жағыма қарасам ешкім жоқ, біреудің ақшасы ғой, мен сияқты қиналып қалар дедім. Ашып қарасам ішінде барлық құжаттары тұр екен, бір жағында визиткасы да тұр. Жазылған нөмерге хабарластым. Үлкен кісі екен. Жарты сағатта келем деді. Қуанып кетті. Айтқандай, уақытында жатақханаға келді. Әмиянын бердім. "Аға, ештеңе алған жоқпын, тек ашып нөмеріңізді көріп хабарластым",- деп едім. "Қызым, ақшадан бұрын құжаттар маңызды ғой. Қайта жасату үшін қанша уақытым кетер еді",- деп, әмиянда тұрған 15 мың теңгені қолыма ұстатты. Менде ШОК. Базарда менен тура 15 мың ұрлап кеткен еді ... Бұл қалай болды екен деп таң қалдым. Үйге билет алып, "Рахаттың" кәмпит-пішінайларын алып, мәз болып қайттым. "Аллаh бір қолымен алып, екінші қолымен береді" деген осы екен. Бәрі жақсы болады. Сеніңіз! Тілеңіз! Әрекет етіңіз!", - деп жазды Анна. 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Желтоқсан, 2019 12:16
Талқылау