Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасы келген қазақ ақынының қасында аяғын көтеріп суретке түскен ресейлік бишінің басы дауға қалды

Атышулы ресейлік биші Анастасия Волочкова қазақстандық режиссер әрі ақын Хаким Булибековпен шетелде түскен суретін жариялады. 65 жастағы режиссердің қасында аяғын аспанға көтеріп тұрған бишінің әрекетін қазақ қоғамы қатал сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Байсалды талантты адамдар да есіре алады. Өмірге қуану – ол еркіндік”, – деп жазды биші желідегі парақшасында.

Тағы бір жазбасында биші ғажап адамдардың үйінде қонақта отырғанын жазған.

Бұдан бөлек, Волочкова “шпагатқа” отырған суретін жариялап, елдің сөзіне ілікпес үшін пікір қалдыруды бұғаттап тастағанын айтты.

“Пікір жазуды қосып көргенмін. Бірақ лас сөздеріне қарап ол адамдарды аяп кеттім”, – дейді желі “жұлдызы”.

Айта кетейік, Хаким Булибеков – танымал қазақстандық ақын, сценарист, режиссер. 5 бірдей өлеңдер мен поэмалар жинағының авторы. 1953 жылы Алматыда өмірге келген.

Жіберіп алмаңыз: 

Жазира Байырбекова туған ағасының өзіне ренжігенін білмейтін болып шықты

Ерке Есмаханның Ресейге не үшін барғаны белгілі болды

Жеңіс Ысқақова жас көріну үшін қабағының терісін алдырып тастаған

Сәуле Жанпейісова Беделханның бағдарламасын эфирден алып тастауды талап етті

Талқылау