Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмаханның Ресейге не үшін барғаны белгілі болды

Жуырда журналист, телепродюсер Гүлнұр Мамасарипова мен Ерке Есмахан Ресейге барып қайтты. Ал, бұл сапардың басты мақсаты туралы продюсер ханым Comode тілшісімен бөлісті.

“Иә, осы жолы демалыс емес, іс-сапар барысында Ресейге барып келдік. Өздеріңіз байқағандай Еркемен бірге бардық. Көпшілігі «Еркенің продюсері болыпты» деп сыбыс таратыпты. Бірақ, Еркеге қазір продюсер керек емес. Ол кезінде продюсермен жұмыс жасап, шоу-бизнестің оң-солын жетік меңгерген әнші. Еркенің өнеріне продюсер болмасам да, жаңадан бастайтын жаңа жобасына жетекшілік ететінімді жасырмаймын.

Жуырда Ерке Есмахан жаңа фильм түсіреді. Сол фильмге продюсер боламын. Одан бөлек күз айларында Еркенің шығармашылығында үлкен жаңалық болғалы тұр. Осы мәселеге қатысты келісім-шарттарды кешегі Ресейге барған сапарымызда шештік. Барлығы оң шешім тапты десем болады. Ал, оның қандай жаңалық екенін уақыты келгенде естисіздер”, – дейді продюсер Гүлнұр Мамассарипова.

Жіберіп алмаңыз: 

Кім мықты қимылдайды: Қазақстандық 7 танымал бикештің ортақ биі жұртты сүйсіндірді (видео)

Алмас Кішкенбаев ажырасқаннан кейін мұңға батты

Дуэт болған Ақбота мен Қуандық Рахым әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күлді (видео)

Танымал әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

 

Талқылау