"Жасөспірім кезімнен армандадым": Жәния Джуринская қызына әжесінің есімін берді
Жуырда ана атанған Жәния Джуринская қызына қандай ат бергенін жариялады. Ол сәбиді әжесінің атымен атаған. Жұбайы Данияр болса босану сәтінде Жәнияның қалай қиналғанын көріп, есім таңдау еркін оған қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Софи. Бұл атқа жасөспірім кезімнен ғашықпын және қызымды осылай атауды армандадым. Әрі бұл менің әжемнің есімі.
Қыз күтіп жүргенімізді білген соң, Данияр менің қалауымдағы есімді қолдады. Тек есімнің соңындағы "я" әрпі үшін екеуміз біраз таластық. Мен София, ал ол Софи болғанын қалады. Бірақ босану кезінде менің қалай қиналғанымды көріп, Даник мені аяп кетті де, әрең дегенде: "Жарайды, құжатта София болсын, өмірде Софи деп атаймыз" деді", – деп түсіндірді актриса.
Джуринская ана болудың қаншалықты үлкен бақыт екенін атап өтті. Ол қызы ұйықтап жатқан сәтте оны сағынатынын мойындады.
"Балапаның басқа бөлмеде ұйықтап жатқан сәтте оны сағынуға болады деп ешқашан ойламаппын. Ана болған қандай бақыт", – деп бөлісті Жәния.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге