AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тозаққа түсіп келгенмен бірдей": Жәния Джуринская қалай босанғанын айтып берді

Жәния Джуринская  бала тууды "тозаққа барып келуге" теңеді. Актриса тұңғышын қалай босанғанын әңгімелеп, енді бүкіл әйелдер қауымына деген құрметі шексіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жүкті келіншектерді немесе бала жоспарлап жүргендерді шошытқым келмейді, бірақ босану дегеніңіз егістіктен түймедақ теру емес. Қазір әр бала туған әйелге мен соғысқа бірге қатысқан қызметтес ретінде қараймын. Енді аналарға деген құрметім шексіз. Әркез әйелдерді қолдаймын. Соңына дейін. Айтпақшы, "баланы көргенде, бәрін ұмытып кетесің" деген тіркестің күші жоқ", - дейді Джуринская.

Жәния жүктілігінің тоғызыншы айы ұзаққа созылғанын, кейде "мәңгі екіқабат болып қаламын" деп ойлағанын жасырмады. Ал дәл босанатын күні ол "тозаққа барып келгенін" атап өтті. 

"Таңғы уақыт. Система қойды. Абыржып тұрмын. Ақырындап толғақ басталды. Мені жаймен тозаққа түсіріп бара жатқандай сезім. Ішімнің төмен жағының ауырғанын бара-бара қатты сезінудемін. Ал арада екі сағат өткен соң, бес минут сайын жатырыңды жұлып, қайта салып жатқандай. Мұның бәрі аздай, атмосфераны айқайлаған өзге келіншектердің даусы үдете түсті. 



Мен эпидуралды анестезия қоюды немесе мені өлтіруді сұрадым. Толғақ кезінде не істеу керектігін айтып, ақылсынған Даникке (авт.күйеуі Данияр Хизметов) бірнеше рет ұрысып бердім. Ол да ренжіп үлгерді. Мұның қаншалықты ауыр екенін тек әйел адам түсіне алады", - деп түсіндірді актриса. 

Жәнияның күйеуі босану кезінде оның жанында болып, қолдау көрсеткен. Алайда барлығы кинодағыдай әдемі болмады, деп ағынан жарылды Джуринская. 

"Кинода күйеуі босанушы әйелдің бас жағында тұрып, қолдау көрсетедә. Ал бес минуттан кейін екеуінің қолында сәби болады. Екеуі қуаныштан жылап, сонымен хэппи энд болады. Қазір күлкім келеді, бірақ ол жерде ештеңе ванильді болмады. Таза Тарантиноның фильмі: қан, ешқандай аяушылық жоқ.

Ал менің бас жағымда тұруы тиіс болған Даник бір қарасам дәрігерлермен бірге мені босандырып жатыр. Менің сол аяғымды ұстап: "Тыныс ал, күшен", - деп айқайлауда. Бір қарасам кіндігін кесуде, ал мен түс көріп жатқандаймын", -деп түсіндірді Жәния.

Актриса мұндай ауыртпашылықтың әйелдерге не үшін берілгенін түсінбейтінін және мұның жауабын 4 күн бойы іздегенін атап өтті. Ол келесі жолы кесарь тілігі арқылы босану жолын қарастыратынын атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр