Жасырынбақ ойнап жүрген: ШҚО-да 10 жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды
Шығыс Қазақстан облысының Белый Камень ауылында он жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жасырынбақ ойнап жүрген 10 жастағы қыз кір жуғыш машинаға барып, жасырынған. Кейін ол өздігінен әлгі құрылғыдан шыға алмай қалған.
Құтқарушылар кір жуғыш машинаның кейбір бөлшектерін ажыратып, баланы шығарып алған.
Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның зардап шекпегенін анықтаған.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген