Жас жұбайлар карантин ережелерін "бұзбау" үшін ұшақты жалға алып, той жасаған
Үндістанда жас жұбайлар той жасау шектеулерді айналып өтудің амалын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндістанның Тамил Наду штатындағы жас жұбайлар үйлену тойын өткізу үшін бір ұшақты жалға алды. Мерекеге 160 адам қатысқан. Осылайша, жұп үйлену тойына 50-ден астам қонақ шақыруға болмайды деген шектеуден жол тапқан.
Ұшақ аспанда ұзақ, екі сағат қалықтап жүрген. Барлық салт-жоралғы рәсімдері жасалып біткен соң ғана жерге қонған.
Үндістанның авиациялық басқармасы бұл оқиғаны зерттеп жатыр. Сол күні кезекші болған қызметкерлер жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Ал жолаушылар өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін әрекеті үшін жазалануы мүмкін.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі