Жарқынай Ханайым мұрнына пластикалық ота жасатты
Жарқынай Ханайым мұрнына пластикалық ота жасатты. Ол ринопластиканың көмегімен мұрнының пішінін өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Актриса пұшық мұрны үшін өзін ыңғайсыз сезінетінін, оны өзгерткісі келетінін бұған дейін де айтқан еді.
"29 жасыма дейін табиғи болып жүрдім. Өзіме ғашық еттім, әдемі қыз тудым. Енді өзім қалаған өзгерісті жасап, өзім үшін өмір сүргім келеді. Жаңа заманның мүмкіндігін неге қолданбасқа?" - деген еді актриса бір жазбасында.
Жарқынай Instagram-дағы парақшасында отаға дейінгі және кейінгі суреттерін жариялады. Актриса жаңа мұрнына өзі риза екенін жеткізді.

Айта кетейік, кеше Айгүл Иманбаеваның блефаропластикаға жүгінгенін жазған едік.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол сараптама жасалғанына жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы жатыр обырының асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ