Жарқынай Ханайым: Дәрігерлер мені босанған соң анамның ұзақ өмір сүрмейтінін айтты
Актриса Жарқынай Ханайым өзінің туған күнінде мұңды жазба жариялады. Айтуынша, анасы өзін ауыр жағдайда өмірге әкелген. Тіпті дәрігерлер өмір сүрмейтінін болжапты. Актриса аман-есен қасында жүргені үшін анасына алғысын айтты.
Бұл туралы актриса желідегі парақшасында жазды. Өзінің өмірге қалай келгенін баян етті.
“Мені анам ота арқылы өмірге әкелген екен. Мені ауыр босанған. Дәрігерлер анамның жағдайы ауыр екенін айтып, “дайыңдала беріңіздер” деген суық хабар жеткізеді. Алайда анамның көрер жарығы бар екен. Дәрігерлер енді ана бола алмайсыз деген хабарын да қоса айтқан”, – деп жазды актриса.
Айтуынша, анасына дәрігерлер бала тууға тыйым салады. Денсаулығына байланысты анасы тағы бір мәрте ұрпақ сүю бақытынан айырылады.
“Осылайша анам әкеме бақыт тілеп, “ұрпағыңды жалғастыра алмаймын, мен кетейін деп рұқсат сұрайды. Ал әкем “бұл менің маңдайыма жазылғаны” деп тағдырға көнеді. Анамды ешқайда жібермейді. Осылайша 30 жылдан бері бірге тұрып келеді. Анашым, сізді ана атанған күніңізбен құттықтаймын. Қасымызда аман-есен жүргеніңіз үшін рахмет. Мәңгі бірге болыңыздар. Амандық, саулық тілеймін”, – деп жазды Жарқынай Ханайым.
Көпшілік көзіне жас ала, өз тағдырын айта бастады. Енді бірі қолдау көрсетті. Туған күнімен құттықтап, тілегін арнады.
“Туған күніңізбен, деніңіз сау болсын, көп балалы ата-ана болыңыздар жолдасыңыз Айдармен!!!”, “Балапаның аман болсын”, “Жақсы, төзімді анасыз”, “Анаңызға зор денсаулық тілеймін”, “Анаңыздың көрер жарығы бар екен. Аман болсын”, “100 жасасын”, “Әкеңізге амандық тілеймін, ондай азаматтар аз”, – деп жазды олар.