Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарқынай Ханайым күйеуі жайлы: Мен оны басқа актрисалардан қызғанатынмын

Жарқынай Ханайым "Рауза" телехикаясындағы жұбы әрі өмірдегі күйеуі Айдар Асқарбекпен таныстығы, екеуінің қарым-қатынасын түсірілім тобынан жасыруға тырысуы және өзге актрисаларға деген қызғанышы жайлы "Хабар" арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жарқынай ұзақ уақыт бойы Баян Мақсатқызымен жұмыс істесе де, сериалға дейін оның отбасында Айдар сияқты жігіттің бар екенін білмеген. Себебі: 

"Айдар бұған дейін полиция саласында жұмыс істегеннен кейін, оны Instagram-ға да салмаған", - дейді Жарқынай.

Актриса хикаяның сценарийімен танысқан сәтте, Сакураның образында дәл Айдар сияқты жігітті көз алдына елестеткенін айтады. 

"Сценарийді ұстап отырған кезде Айдар кіріп келді. Қарадым да: "Мынау Сакура ғой", – дедім іштей. Өзін ұстауы, кіріп келіп, маған қарағанының өзінен солай көрінді. Одан кейін басқа Сакураны көргім келмей қалды. Осы жігіт болса екен дедім. Әдемілігі де, көзқарасы да, бәрі келіп тұр.
Баяқ Мақсатқызы түр білдірмейді. Айдарға да ұрсады. "Мен саған көмектеспеймін. Лайықты болсаң, аласың" деді. Маған да солай айтты", – дейді Жарқынай Ханайым.



Екеуі рөлге таңдалғаннан кейін, Баян Мақсатқызы жиен інісінің актерлік шеберлігін шыңдауға тырысқан көрінеді. 

"Айдар кәсіби актер емес қой. Ол басында нені қалай істеу керектігін түсінбеді. Баян Мақсатқызы маған міндеттеді. "Айдар, Жарқынай, ештеңе білмеймін, дайындалыңдар" деді", – деп еске алады Раузаны сомдаған актриса.

Айдар Асқарбек Жарқынайға деген сезімін бірден білдірмесе де, бірте-бірте жүрегін жаулауға тырысқан. 

"Мен сездім де, оған: "Қажеті жоқ, киномызды ойнаймыз, одан кейін мүмкін сезім жағын ойлап көреміз" дедім. Бірақ Айдар: "Мен екеумізге де сенемін. Рөл үшін емес, саған хабарласып жүргеніме басқа да себептерім бар", деді, – дейді Жарқынай.

Айдар мен Жарқынайдың алғашқы кездесуі дайындық үшін басталып, бірте-бірте романтикаға ұласқан. Алайда екі жас бірге болса да, түсірілім тобына барынша білдірмеуге тырысыпты. Бұл орайда сүйіктісіне жасырын тамақ тасып, оны далада сағаттап күткен Айдар мырза қиналған көрінеді. 

"Біраз уақыт ешкімге білдірмеуін талап еттім. Алаңда ұсталып қалған кездеріміз болды. Көзбен, жанармен... Бір кездері бәрі мені басқа жігітпен кездеседі деп ойлаған. Түсірілім аяқталғаннан кейін "бір жігіт күтіп тұр" деп бөлек кетіп қалатынмын. Айдар екенін білмеді. Махаббатымыз солай басталды", - деп бөлісті актриса. 

Жарқынай түсірілім кезінде Айдарды өзге актрисалардан қызғанғанын, тіпті сол үшін талай жанжал шығарғанын жасырмайды. 

"Мен оны актрисалардан қызғанатынмын. Түр білдірмеуге тырысып, "күшті ойнадыңдар, жарайсыңдар" деп қоятынмын. Бірақ соған бола, кешке дейін ұрсып, жынданып жүретінмін. Ол да мені қызғанып, түсірілім алаңына келіп қала беретін. Бір күні Шалқармен махаббат сахнасы болды. Екеуміз жақындсып, сүйіскен кейіп танытуымыз керек болды. Айдар кетіп қалып, жынданып, көбелек болып жүрді", - дейді Жарқынай Ханайым.  

Талқылау