Жарылыс болған Жамбыл облысына жақын ауылды шаңды дауыл басып қалды (видео)
Шаңды дауыл кеше оқ-дәрілер жарылып, өрт шыққан әскери бөлім маңындағы Ақшолақ ауылында басталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ауыл өрт пен жарылыс болған әскери бөлімнің жанында орналасқан.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба Kris.p.Taraz жергілікті әлеуметтік парақшасында жарияланған. Жазба кадрларынан желдің күшті екпіні мен құмның салдарынан жан-жақты көрудің мүмкін емес екенін байқауға болады. Ал пойыздан түскен жолаушылар әзірге жүрмей тұрған автобусты күтіп жиналып тұр.
Бұған дейін Қазгидромет республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар