"Жарасымды жұп": Жарқынай Ханайым желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді
Желіде Жарқынай Ханайым мен актер Шәріп Серікке ұқсайтын жұптың фотосы пайда болды. Суреттен екі жастың бір-біріне ғашықтардай қарап тұрғанын көруге болады. Көпшілік алғашқы некелері сәтсіз аяқталған қос өнер иесі табысты деп болжады. Жарқынай Ханайым аталған суретке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көптің көңіліне күдік ұялатқан фотоны Жарқынай Instagram парақшасына жүктеді. Оған қарап жұрт түрлі пікір білдірді. Жарқынайды жерден алып, жерге салды.
"Айдармен не деген махаббатпен үйленген еді. Бақыты болмаса, қыз баланың тағдыры қиын. Түсінемін, бақытты болуға қақысы бар", "Айдармен қосыл", "Мұртекеңді қой, бұдан Айдар жақсы", "Кино немесе клип шығар", – деп пікір білдірді оқырмандар.
Алайда суреттегі ару Жарқынай емес, басқа ару болып шықты.
"Ал енді мына фотоға келсек, түсірілім де, клип те емес. Фотодағы мен емес. Ешкім ажырата алмады. Қырағы көздеріңіз қайда? Тапқан адамға сыйлық жібергім келген. Біреуіңіз "сен емес" деп жазбадыңыздар", – деп ренжіді Жарқынай Ханайым.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан