Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда туу деңгейінің төмендеуіне байланысты халық саны мен еңбек күші қысқару шегінде тұр

Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишида елдегі туу көрсеткішінің рекордтық төмендеуімен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдауға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап.

Жапон билігі соңғы жылдары жоғары жәрдемақылар мен ақшалай сыйлықақылар беру арқылы азаматтарды көп балалы болуға ынталандыруда. Бірақ сауалнамалар нәтижесі бойынша бұл ел бала тәрбиелеуде әлемдегі ең қымбат елдердің бірі болып табылады.

Ресми есептерге сәйкес 2022 жылы туу көрсеткіші ең төменгі деңгейге түсіп, алғаш рет 800 000-нан төмен болған. Бұл жапон үкіметі күтпеген көрсеткіш болды.

Бұл орташа жас 49-ды құрайтын елде халық санының қысқаруын жеделдетті. Көрсеткіш бойынша Жапония шағын ғана Монако мемлекетінен кейін екінші орында тұр.

Премьер Кишида егер жағдай осылай жалғасса елде жұмыс күші күрт қысқарып, Жапония болашақта мемлекеттік функцияларды сақтай алмайтынын айтты.

"Еліміз тығырықта тұр. Жапония өзінің мемлекеттік функцияларын сақтай ала ма, белгісіз", - деді Кишида 2023 жылғы парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.

Осыған байланысты премьер-министр туу деңгейін арттыруды өз әкімшілігінің басты басымдығы деп жариялады және 2023 жылдың маусымына дейін бала туу бағдарламалары мен балалы отбасыларды қолдауға арналған бюджетті екі есе арттыру жоспарын ұсынуға уәде берді.

Билік бұл мәселелердің барлығын қадағалайтын балалар мен отбасыларға арналған арнайы агенттік құруға уәде берді.

YuWa Population Research мәліметтері бойынша Жапония бала тәрбиесіне кететін шығын бойынша әлемде үшінші орында. Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейін, оларда да халық санының азаюы байқалуда.

Талқылау