Павлодарда көлік жаяу жүргіншілерді қағып, аялдамаға соғылған: Қаза тапқандар бар (видео)
29 маусым күні Павлодар қаласындағы Назарбаев даңғылында Mitsubishi Carisma автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып өткен, одан кейін жарық бағанасына және автобус аялдамасына соғылып, көлік аударылып қалған", – делінген хабарламада.

Нәтижесінде екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылған.
Жол апатының мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар мас күйде көлік жүргізгендерге жазаны қатаңдатуды талап еткені туралы жазған едік.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған