Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жергілікті өндірістің арқасында GAC көліктері қолжетімді бола түсті

ГАК

2023 жылы Қазақстан нарығында таныстырылған қытайлық GAC автокөлік бренді Allur портфеліне өтпек. Компания марканың елдегі ресми дистрибьюторы атанып, Қостанайдағы Allur зауытында GAC көліктерінің өндірісін іске қосты. Бренд дамуының жаңа кезеңі қазақстандық сатып алушылар үшін көліктің қолжетімділігін арттыпы, жеткізу уақытының қысқаруына және алдағы уақытта ел аумағында дилерлік желінің кеңеюіне әсер етеді. 

"Біз Қазақстанның әлеуетін жоғары бағалаймыз. Allur автомобиль компаниясымен серіктестік орнату, қазіргі команданы сақтау және өндірісті ел аумағына көшіру – брендтің одан әрі дамуы үшін қисынды қадам. GAC компаниясының Toyota және Honda-мен 25 жылдан астам ынтымақтастық тәжірибесі бар, бұл бізге өндірістік мәдениетімізді және жоғары сапа стандарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Біз Қазақстанды стратегиялық әрі ұзақ мерзімді нарық ретінде қарастырамыз. Сондықтан ынтымақтастықты жүйелі түрде кеңейтіп, жергіліктендіру деңгейін арттырып, алдағы жылдар бойы брендтің дамуына инвестиция салуды көздеп отырмыз", – деді GAC International компаниясының өңірлік директоры Дуань Шу.
GAC2

GAC-тың басты ерекшелігінің бірі – көпжылдық өндірістік тәжірибе және әлемдік автомобиль индустриясымен терең ықпалдастығы. GAC – 70 жылдан астам тарихы бар автомобиль бренді және жетекші халықаралық автокөлік өндірушілерімен ширек ғасырдан астам ынтымақтастық тәжірибесіне ие. Toyota және Honda компанияларымен серіктестік компанияның өндірістік мәдениетін, сапаны бақылау жүйесін және инженерлік құзыреттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

1998 жылы GAC Honda-мен бірлескен кәсіпорын құрып, өндіріс, менеджмент және сапаны бақылаудың үздік тәжірибелеріне қол жеткізді. Ал 2004 жылы компания Toyota-мен стратегиялық серіктестікті бастады. Гуанчжоуда Toyota Camry өндірісінің іске қосылуы компанияның жаппай және орта-премиум сегменттердегі позициясын нығайтуға мүмкіндік берді. Бүгінде GAC пен жапондық автокөлік өндірушілері арасындағы серіктестіктің тарихы 25 жылдан асады.

GAC4

Қазақстандық сатып алушылар үшін бұл брендтің инженерлік және технологиялық базасы көпжылдық халықаралық тәжірибенің негізінде қалыптасқанын көрсетеді. GAC автомобильдерінде әлемдік деңгейде сыналған шешімдер мен компоненттер қолданылады: AISIN беріліс қораптары, Toyota және Honda компанияларымен ынтымақтастық тәжірибесі негізінде әзірленген күштік агрегат технологиялары, BorgWarner Haldex толық жетек жүйесі, сондай-ақ Bosch, Denso және Huawei компанияларының электрондық жүйелері мен жабдықтары.

GAC5

Өндірістің аумағында басталуымен не өзгереді?

Қазақстандық тұтынушылар үшін GAC өндірісін жергіліктендіру бағаның қолжетімді болуына, жеткізу мерзімдерінің қысқаруына және автомобильдердің ел бойынша кеңінен таралуына ықпал етеді. Қостанайдағы өндіріс логистиканы оңтайландырып қана қоймай, дилерлік желіні автомобильдермен және қосалқы бөлшектермен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір қазақстандық сатып алушыларға GAC брендінің бес моделі ұсынылады: GS3, GS4 Max және GS8 кроссоверлері, Empow спорттық седаны және M8 бизнес-минивэні. Жақын арада модельдер қатары жаңа гибридті S7 кроссоверімен толықпақ. Ол өз сегментіндегі ең технологиялы ұсыныстардың бірі болады.

GAC6

 

Қазақстанда құрастырылған GAC автомобильдерінің бағасы:

  • GAC GS3 – 8 990 000 теңгеден;
  • GAC Empow – 9 990 000 теңгеден;
  • GAC GS4 MAX – 10 990 000 теңгеден;
  • GAC GS8 – 15 490 000 теңгеден;
  • GAC M8 – 17 490 000 теңгеден.
GAC7

Қазіргі уақытта GAC дилерлік желісі Қазақстанның 8 қаласында орналасқан 12 дилерлік орталықтан тұрады. Ал команданың бір бөлігі Allur дистрибуциясында жұмысын жалғастырады. Жыл соңына дейін бренд елдің жаңа өңірлерін қамтып, өз қатысу аясын едәуір кеңейтуді жоспарлап отыр.

GAC Group туралы

GAC International әлемнің 70-тен астам елінде ұсынылған және Қытайдан тыс жерлерде 650-ден астам дилерлік орталықтар желісіне ие. Компания тиімділігі 46 пайыздан асатын гибридті күштік қондырғыларды, Magazine Battery 2.0 қауіпсіз аккумуляторларын және интеллектуалды мобильділік саласындағы шешімдерді қоса алғанда, жаңа буын технологияларын белсенді дамытып келеді.

GAC3

GAC бүгінде болашақ технологияларын дамытып, әуе көлігі саласына да қадам басуда. Компания сағатына 250 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшатын, бір қуаттаумен 200 шақырымға дейін ұша алатын және небәрі жарты сағатта қайта қуатталатын Govy AirJet пилотсыз электрлі аэромобилін таныстырды.

GAC Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі нарықтардың бірі әрі өңірдегі брендті одан әрі дамытуға арналған маңызды алаң ретінде қарастырады.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 29 Маусым, 2026 17:28