Қазақстан тарихындағы Сенаттың соңғы отырысы өтті

29 маусым күні Қазақстан тарихындағы Сенаттың соңғы отырыс өтті. Ертең палаталардың бірлескен отырысында кезекті сессия ресми түрде жабылады. Ал 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, Парламенттің өкілеті тоқтатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осылайша, 1995 жылы енген Конституция негізінде құрылған қос палаталы Парламент өзінің 30 жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтады.
“Құрметті әріптестер, алда бізді дамудың жаңа кезеңі, ауқымды әрі жауапты міндеттер күтіп тұр. Сенаттың 30 жылдық мол тәжірибесін жалғастырып, жаңа форматта және жаңа мәртебеде жұмысын бастайтын Құрылтайға сәттілік тілейміз! Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, халқымыз ел игілігі жолында әрдайым бірлікте еңбек ете берсін”, – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Оның айтуынша, Сенат 30 жыл ішінде жалпы саны 890 пленарлық отырыс өткізіп, онда 3 500-ден астам заң қабылданған.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында мемлекеттік хатшы лауазымын қысқартып, оның орнына вице-президент институтын енгізуді ұсынған еді. Кейін конституциялық заң жобасында вице-президенттің мәртебесі, өкілеттіктері, тағайындалу тәртібі мен оған қойылатын талаптар нақтыланды. Жаңа нормаға сәйкес, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, мемлекет басшысы қызметінен мерзімінен бұрын кеткен жағдайда оның өкілеттіктерін қабылдайды.
Оқыңыз