"Күйеу жігітті қарызға батырмау керек": ҚМДБ мәһрдің мөлшерін нақтылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы неке шарттарының талаптары мен шарттары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басқарма мәліметінше, екі жақтың разылығы болмаса неке заңсыз әрі дұрыс болып есептелмейді. Сондай-ақ оның төрт негізгі шартын атап өтті. Біріншісі – қыз баланың ата-анасының келісімі мен ризашылығы, екіншісі – куәгерлердің қатысуы, үшіншісі – кедергілердің болмауы және төртіншісі – мәһр.
“Мәһр – ер адамның неке қиылу барысында қалыңдыққа өз ризашылығымен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында мәһрдің ең төменгі шегі – 10 дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Бұл қазіргі өлшеммен 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражатқа (нарықтағы құнына) сәйкес келеді. Мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені мәһр күйеу жігітті қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек”, – деп мәлімдеді ҚМДБ.

Сондай-ақ басқарма күйеу жігіттің мәһрді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін бере алатынын атап өтті.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар