Жапония Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Жапония үкіметі Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жапония үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12,200 таблеткадан тұратын препараттар 2020 жылғы 14 мамырда Алматы қаласына жеткізілді.
Бұл жаңа түрлі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ға табыс етілді.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Жапония үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс білдіреді.
Қазақстандық бір кездері бәліш сатып, бүгінде жасанды интеллект көмегімен миллиондаған табыс тауып отыр
Маркетологтан кәсіпкерге дейін: тараздық жігіттің 450 миллион теңгелік бизнесі
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған