Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жануарларды қорғау туралы заң: Құқық бұзушыларға жаза күшейтіледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев азаматтарға жануарларды азаптағаны және өлтіргені үшін жазаны қатайтуға мүмкіндік беретін жаңа заң жобасы туралы айтты, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа заң жобасына қатысты мәселені депутаттар көтерген. Жануарларға жауапкершілікпен қарау деген атаумен ұсынылған жоба жабайы және үй жануарларына қамқорлық таныту, оларға зиян тигізбеу бағытында жасалған. 

"Соңғы бірнеше айда біз жануарларға жасалған зұлымдық фактілерінің куәсі болдық. Бұл жағдайға қатысты не айтуға болатынын да білмеймін, сөзім жоқ. Сондықтан жеке заң жобасын жасау керек. Жануарларға қатыгездік таныту - бұл мәдениеттің ең төменгі көрсеткіші. Біз барлық теріс көріністерге нақты заңнамалық тосқауыл қоюымыз керек", - деді министр.

Жаңа заң жобасында жануарлардың жағдайы жасалатыны сөз етіледі. Арнайы ережелер жақын арада жүзеге асырылмақ. Енді жануарларға күш қолданғандарға жаза күшейтілетін болды. 

"Жаңа заң жобасында баспанасы жоқ жануарларды басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қойылатын талаптар, оларды емдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, аулау қызметтерінің жұмысы, қаңғыбас жануарлардың санын реттеу және  жануарларға күтім жасау ерекшеліктері сияқты стандарттар ұсынылады. Цирктерде, хайуанаттар бағында, жеке хайуанаттар коллекцияларында, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейетін болады", - дейді министр. 

Айта кетейік, қазір жануарлар Қылмыстық кодекстің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабымен қорғалады.

Соңғы екі аптада жануарларға қиянат жасау туралы жаңалықтар жиілеп кетті. 

Осыған дейін, екі адам Атырау қаласында иттерге мылтық атқаны белгілі болды. 1 маусымда ер адам иттің басын тоңазытқыштың темір есігімен қыстырып, аяғында тұрғандығы туралы видео пайда болды. Еріктілер итті құтқарып, полиция оны ұстады.

Талқылау