Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар мұздықтың жылдам еріп жатқанын айтып, дабыл қақты

Соңғы 35 жыл ішінде солтүстік мұздықтың 95%-і еріп кеткен. Егер әрі қарай да мұздықтар дәл осылай ери беретін болса, онда ақ аюлар жойылып кетуі мүмкін. Себебі, ақ аюлардың өмірі мұзға тікелей тәуелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мұз

Advancing Earth and Space Science журналында жарияланған мақалада жер бетіндегі ең соңғы мұз жабындысы туралы айтылған. Аталған мұздық Канаданың батыс бөлігіне қарай Арктика архипелагының солтүстік бөлігінде Гренландия жағалауында орналасқан.

Осы күнге дейін жасалған зерттеулерге және климаттық модельге қарап 2030 жылы Арктикада жаз болады деп болжай берсек болады. Жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, екі субаймақта мұз тым жұқа болып барады. Соңғы он жылда 39,6 сантиметрге жұқарған. 

«Біз мұздың соңғы аумағын ұзақ уақыт бойы еритін монолитті өңір ретінде қарастыра алмаймыз», - деді Канаданың Торонто қаласындағы университеттің физик әрі астроном ғалымы Кент Мур. 

мұз

Мұздың осы бөлігі бүгінде көптеген жан-жануар үшін пана. Сондай-ақ, күн қатты ысып кеткен жағдайда олар осы мұзға келе алатын еді. Зерттеу авторларының айтуынша, жыл бойы мұз бөліктерінің қалай өзгеріске ұшырайтынын білу арқылы жануарларға нақты қай жерлердің пана бола алатынын анықтауға болады. 

«Біз осы мұздан айырылатын болсақ, суық өңірлерде таралған жан-жануарлардан да айырыламыз. Қандай да бір шаралардың көмегімен осы мұздың әрі қарай да қата түсуін қамтамасыз етсек, жануарларға таптырмас пана болатын еді. Соңғы кезде ауа райының сан мәрте құбылып, күннің қатты ысып бара жатқанын көруге болады. Оның үстіне су да теңіз деңгейінен айтарлықтай асып бара жатыр. Орман өрттерінің жиілегені бар», - дейді ғалым. 

Мұхит және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының мәліметі бойынша, соңғы 30 жыл ішінде ауа температурасы 1 градусқа артқан. Ал АҚШ-та 1,6 градусқа ыстығырақ болып отыр. 

Атлантик-Сити, Нью-Джерси қалаларында орташа температура 30 жыл ішінде 2,9 градусқа өскен. Якима, Вашингтонда термометр көрсеткіші бұдан да жоғары. Ал Айова штатының орталығындағы Де-Мойн қаласында 1988 жылы 3,3 градусқа артқан. 

мұз

Вино зауытының маркетинг бөлімінің жетекшісі Джессика Шейк Салидада осыдан 30 жыл бұрын үйінен аттап шыға салысымен қар жататынын айтады. Ал бүгінде ол шаңғы теуіп, сырғанау үшін таулы аймаққа баруға мәжбүр. 

«Дәл қазір қаңтар айында футболкамен жүреміз. Мұндай жағдай менің бала күнімде болмаған еді», - дейді ол. 

Буэл Маттикс есімде азамат Салидадағы ауа желдеткіштерін орнататын компанияны осыдан 15 жыл бұрын сатып алған. Ол бұрын жылына төрт жерде ғана кондиционер орнатқанын айтады. Ал қазір оның тізімінде 10-15 жұмыс орны бар. Тіпті, олардың барлығына бірдей барып үлгермейді.  

мұз

Бұдан өзге «орман өрті эффектілері» бар. Салидадағы өрт сөндіру қызметінің ардагері Майк Сугаски бұрын ең үлкен өрттің аумағы 10 000 акр (40,46856 шаршы/км) шығар деп ойлағанын бөлісті. Алайда дәл қазір ол бұл көлемнен 10 есе үлкен өрттің куәсі болып жүр екен. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1988 жылдан бері климаттағы өзгеріс адамдарды қатты таңқалдырып отыр. Солтүстік Америка мен Еуропаның ауа райы 1,89 градусқа жыли түскен десек болады.

мұз

Солтүстік оңтүстікке қарағанда әлдеқайда жылдам жылып жатыр. АҚШ-та ауа температурасының жоғары болуы түнде, жазда және күзде қатты байқалады. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі

ЦентрКредит Банкіне ЕҚДБ теңгемен 40 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде кредит береді

Кредит беру туралы келісімге Алматы қаласында 12 желтоқсанда қол қойылды

Біртанов екпе салдарынан көз жұмды деген сәбидің оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Министр баланың отбасына көңіл айтты және осы факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады

Ерболат Беделханнан әке-шешесінің қалай өлгенін сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді

Продюсер: Әлі қырқы өткен жоқ, айта алмаймын

«Ақысын төлеймін»: Жапониядан келген қазақ келіншегі өзіне әке сатып алмақ

Назым Мукайяма әкелік мейірімді сезінгісі келеді

Сирек кездесетін металл алтынның абсолютті рекордын жаңартты

Сирек металдың бір унциясы 1912,35 долларды құрайды

Жедел жәрдем шақырудан бас тартты: Алматы тұрғыны пойызда күйіп қалған қызына көмек көрсетілмегенін айтты

ЖӘбірленуші: Жжолаушы әйелдің көмегімен аман қалдық

"Өнерге келгенде тоқалдың баласы сияқты қарап қалады": Саттар Ерубаев әртістердің қанша алатынын айтты

Актер: Қырылып, төбелесіп жатсақ, елге сол қызық, жыршы-жыраулар қызық емес

АҚШ президенті Тоқаевты құттықтады

Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті

Қарағандыда өзгенің қолынан өлген 3 жасар баланың анасы түрмеге жабылуы мүмкін

Әйел ұрлыққа қатысы бар деп күдіктелуде
Çàãðóçêà...