Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жантебірентерлік хикая: Қазақ жігіті жол апатына ұшырап, комаға түскен сүйіктісін аяққа тұрғызған

Ернар Айдардың бейнебаянында басты рөлді сомдаған Марлен мен Әнелдің хикаясы барша қазақстандықтарға аян. Жұрт ауыр дертке қарсы күрескен қос ғашықты бүгінгінің Қозы мен Баянына теңейді, олардан үлгі алады. Елімізде осыған ұқсас оқиғалар жиі кездеседі. Мәселен, Жанболат есімді мына жігіт жол апатына ұшырап, комаға түскен сүйіктісінен бір елі алыстамаған.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жанболат Еділбаев пен Фариза Нұрпейістің хикаясы туралы рэпер Жан Ахмадиев айтып берді.

“Шынайы махаббатқа тек əйелдер қауымы сенеді. (Еркектердің идеологиясы) Ал, бізде сол баяғы сасық кеуде, керме көкірек. Мен де сондай едім. Жанболат деген жігітпен танысқалы бұл ойым 360 градусқа өзгерді. Неге дейсіздер ме? Себебі Жанболат сүйгені үшін соңғысын беретін бала. Өткен жылы бұл жігіттің жүріп жүрген сұлуы Фариза жол көлік апатына ұшырап, өлім аузынан қалған еді. 7 күн “комада” болған Фаризаның айығып кететініне ешкім де сенбепті.

Тек Жанболаттың жүрегінде ғана жалыны сөніп бара жатқан үкілі үміт қалған. Досымның тілегі Аллаға жетіп, Фариза өмірге қайта оралды. 5 мəрте ота жасалса да, Фариза Жанболатты 3 ай бойы танымапты. Оған да мойымаған  досым қызметін тастап,  ауруханада түнеді. Мойындау керек, сынақта сынбады, Фариза ауырса құлады, бірге жылады. (шын айтамын, өзім көрдім). Міне, содан бері Жанболат пен Фаризаның жұбы жазылмай келе жатыр. Өткен жылы заңды некеге тұрып, той жасады”, – дейді Ахмадиев.

Жанболат пен Фаризаның хикаясын мысалға келтірген Ахмадиев әйелдерді уақытында қадірлеуге шақырды.

“Əу, жігіттер! Мойындайықшы, біз де үйдегі катынымызды сүйеміз (тек айтпаймыз). Бəріміз шынына келгенде жақсымыз. Тек үйде жақсы екенімізді көрсетуден арланамыз. “Ойбай подкаблук емеспін” деп намыстанып қоямыз. Сонда сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят дүние ме не? Жоқ! Əйелді сабау немесе оған себепсіз дауыс көтеру — Вот намыссыздық деген. Бізді құртатын өзімшілдік. Əйеліміз ауырса, далаға қашамыз.  Дəрі алатын ақшаны далаға шашамыз. Үнемі бір “косяк” істеп жүреміз. Осы “косячитетпей” жүріп көрсек қалай болады екен өзі а? Бір апта шыдап көрейік. Жаман болмаспыз. Жаман болып кетсең менің бетіме келіп түкіріп кет”, – деді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Не әкеңнің құны бар: Көшедегі жұмысшыларға айқайлап ұрысқан бала елді күлдірді (видео)

Қазақ қызы Сингапурде өткен автокөлік жарысына қатысып, топ жарды

Наурыз көжені қалай дайындайды?

Алдағы мереке күндері ауа-райы қандай болады?

Талқылау