Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Жәния Джуринская тұрмысқа шықты

Қазақстандық актриса Жәния Джуринская шоумен Данияр Хизметовке тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Джуринская

Тойда түскен суреттері мен видеоларын әртіс Instagram желісінде жүктеп, "Данияр – тағдырдың маған тартқан сыйы" деп жазды. 

"Өмірімнің ең бақытты сәттерінің бірі. Әдемі той көйлегін киіп, саған махаббат сертін бердім. Бір-біріміздің саусағымызға жүзік тақтық. Сондай әсерлі", – деді актриса. 

Той 29 маусымда өткен сыңайлы. 

"Бүгінгі той екеуміз үшін. Достарымыз бен туыстарымызға күзде болады", – деді Джуринская. 

Айта кетсек, 28 жастағы Дания Хизметов Жәнияға үйлену туралы ұсынысты былтыр Түркияда жасаған еді. 

Бұған дейін актриса үйленуі тойларына 114 адам шақыратынын айтқан болатын. 


Жәния Джуринская әйелдерге күн көрсетпейтін қатігез күйеуді қалай өзгертуге болатынын айтты

Талқылау