Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская әйелдерге күн көрсетпейтін қатігез күйеуді қалай өзгертуге болатынын айтты

Жәния Джуринская әйелдерін қорлайтын ер азаматтар мен оларды өзгертудің жолын айтты. Актриса әрбір әйел өзін бағалауы, өзін сыйлата алуы тиіс деп санайды. Ал өзін бағаламаған ортада құрбан болмауға кеңес береді. 

“Еркек пен әйел арасындағы қатігез қатынастар тақырыбы соңғы кездері күшейіп келеді. Әйелдер көбінесе құрбан болып, ұзақ уақыт соқырдың күйін кешеді. Алдымен ері қамқорлық көрсетіп, әдемі қарайды және оның манипуляциясы зиянсыз болып көрінеді. Алайда қарым-қатынас қаншалықты ұзарған сайын, ол өзінің шынайы келбетін көрсетеді”, – деп жазды актриса.

Жәния мұндай тізімдегі ер азаматтарды сипаттарын атап берді. 

“Алғашқы сатыларда зорлық-зомбылықты қалай тануға болады?

- оның қорлайтын әзілдері мен мысқыл сөздері болады

- ол сізді әрдайым кінәлі етіп, өзімшіл болып көріну арқылы сіздің өзіңізге деген сеніміңізді төмендетуге тырысады

- бәрін басқаруға тырысып, жеке шекараны бұзады (телефон, сіздің әлеуметтік желілердегі парақтарыңыз)

- ол әйелін ешкім оны ешқашан өзі сияқты сүймейтініне сендіреді

-ол әрқашан бәріне сенің кінәлі екеніңді айтады



Сонымен, әйелін қорлайтын ер адамды өзгерту мүмкін бе? Бұл қиын, мүмкін емес! Бірақ өзгертуге тырысу керек”, –деді ол.

Актриса күйеуінен қорқатын, күйеуінің айтқанын істейтін әйелдердің басым көптігін айта келе, оларға өзіне сенімді болуға кеңес береді. Қатігез күйеулерді тәрбиелеуді үйретеді. Ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда өзін бағалай алатын ортада өмір сүру керек деген ойын айтты. 

“Көп жағдайда, егер сіз қаламасаңыз, қорлаушы күйеу өзгермейді. Ол сізді басқарады, ол сізге ашуланып тұрады, бұлай етуге толық құқылы екендігіне сенімді болады. Қиянат жасаушының өзгеру мүмкіндігі немен анықталады?

Мысалы, зорлық-зомбылық жасайтын адам көбінесе сексистік қатынасқа түседі. Егер ол өзінің артықшылығына сенімді болса және басқа көзқарасты қарастыруға дайын болмаса, онымен келісу екіталай болады.

Мұнда ең маңыздысы – ұнатпаған кезде “жоқ” деп айта алу керек. Қандай да бір түрде сізді қорлауға, ренжітуге жол бермеңіз. Егер сіздің серіктесіңіз өзгермесе, сізге ол керек пе, жоқ па, соны ойланған жөн. Өзіңізді жақсы көріңіз және өзіңізді жақсы әрі жайлы сезінетін жерде болыңыз”, – деді Джуринская. 

Талқылау