Қазақстанда жұмыртқа бағасы тағы да өзгерді
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы төртінші апта қатарынан жұмыртқа бағасының төмендегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Республика бойынша тауық жұмыртқасының құны 16 сәуір мен 23 сәуір аралығында орта есеппен 1,8%-ға арзандады. Бұған дейін алты айдан астам уақыт бойы баға жоғары болған еді.
Мұның бәрі тауықтардың күз бен қыста нашар жұмыртқалайтындығына байланысты. Өнімнің бағасы Қазақстанның жеті қаласында өзгермеген, ал Астана, Шымкент және Атырауда аздап өскен.
Айта кетейік, жұмыртқа жыл басындағыдан шамамен 3,5%-ға қымбатырақ.
Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыртқа бағасы өспейтінін айтқан еді.
Сондай-ақ Қазақстанға автомобиль тасымалына қатысты жұмыртқа тасымалдауға жарты жылға шектеу қойылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”