"Бес рет кіші қажылық жасады": Назым Қаһарман Бишімбаевтың дінге жақын болғанын айтты
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалына жауап берді. Онда ол Бишімбаевтың бес рет кіші қажылыққа барғанын, дінге жақын болғанын айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Жоғарғы соттан
Назымның айтуынша Бишімбаев ата-анасы секілді дінге жақын болған.
"Білуімше, ол бес рет кіші қажылық жасады. Алайда оған қарап мен дін мен рухани дүниенің екі түрлі нәрсе екенін түсіндім", – деп жауап берді ол.
Сонымен қатар келіншек Бишімбаевтар отбасының діни нанымнан бөлек, көріпкелдерге де жиі жүгінгенін алға тартты.
"Әркез бәрін көбірек білгісі келетін. Басқа адамдардан бұрын бәрін бірінші болып біліп жүруге тырысты. Сол үшін отбасымен бірге көріпкелдерге барды", – деп қосты ол.
Еске салса, бұған дейін Бишімбаев сот отырысында не себепті жедел жәрдем шақырмай, көріпкелге хабарласқанын айтқан еді
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты