Әлімханұлы көздеген боксшымен "Канело" жұдырықтасады
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырып жүрген Джермалл Чарло (33-0, 22 KO) келесі жекпе-жегін Сауль “Канело” Альвареске қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Ring сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Сар Стир/Getty Images
WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарло отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен емес атақты “Канелоға” қарсы жекпе-жек өткізетін болды. Супер орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Алварес өзінің чемпиондық атақтарын америкалық былғары қолғап шеберіне қарсы қорғайды. Жекпе-жек мексикалықтардың тәуелсіздік күніне орай, 4 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, “Канело” соңғы жекпе-жегін 2023 жыдың қыркүйегінде Джермаллдың егізі Джермелл Чарлоға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

