Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген жаңазеландиялық боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: TopRank

Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жеңіліп көрмеген жаңазеландиялық былғары қолғап шеберімен жұдырықтасады. Орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 13 шілде күні Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін  Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы қорғайды. 


"Чемпиондар, қайдасыңдар?": Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін "Канелоны" жекпе-жекке шақырды


Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериге (21-1-1, 7 КО) қарсы өткізіп, 6 раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Сөйтіп ол IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанса, Михайлович сәуірде Аустралияда жергілікті боксшы Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта нокаутпен ұтты. 

Талқылау