Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Жаңбыр мен бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады": Синоптиктер 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 2 мамырға Қазақстан аумағына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: newtambov.ru

Болжам бойынша, республика бойынша оңтүстік-батыс облыстарда жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

"Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі. 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақытта жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Бұдан бөлек найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууып, республика бойынша екпінді жел күшейеді. Түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады”, – делінген хабарламада.

Синоптиктердің хабарлауынша, Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Сондай-ақ суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді

Синоптиктер Маңғыстаудың басым бөлігінде, оңтүстігінде, Атыраудың шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорданың орталығында, Түркістанның солтүстігінде, Абайдың оңтүстігінде, Қарағандының оңтүстігінде, Ақтөбе облыстарында қатты өрт қаупі сақталатынын хабарлады. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 01 Мамыр, 2024 17:39
Талқылау