Жаңаөзенде газ жарылып, 11 адам зардап шекті
Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, салдарынан 11 адам зардап шекті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше оқиға 17 сәуірде Астана уақытымен сағат 5:00 шамасында болған.
“Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған”, – делінген хабарламада.
Жарылыстан кейін өрт болмаған. Алдын ала деректерге сәйкес 11 адам зардап шегіп, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір қызметкерлер оқиғаның себебін анықтап жатыр.
"Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды", – деп қосты ТЖД өкілдері.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған