Жаңа жыл қарсаңында жоғалып кеткен ақтаулық әйел бір аптадан кейін табылды
Ақтауда бір апта бұрын жоғалып кеткен сатушы әйел табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Әйел құрбысының үйінде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол үйіне қайтарылды, жағдайды қалыпты.
"Маңғыстау облысы департаментінің Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері әйелді іздеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Жеке өмірге қатысты мәліметтер болғандықтан, оқиғаның егжей-тегжейі жария етілмеді", - деп хабарлады полиция.
Бұған дейін 41 жастағы Наталья Алешинаны іздеу бір апта бойы жүргізілгені туралы хабарланған болатын. Жаңа жыл қарсаңында әйел құрбысын құттықтаймын деп, үйіне оралмаған. Содан кейін туыстары әйелдің барлық достары мен таныстарына хабарласса да, нәтиже болмаған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр