Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт баланың анасы іздестірілуде: Шымкентте жоғалған әуежай қызметкерінің туыстары әйел жайлы айтып берді

Шымкентте түсініксіз жағдайда жергілікті әуежай қызметкері Айсұлу Бахтиярова жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел Жаңа жылда түнгі ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бірақ ол мерекені отбасымен қарсы алмақ болып, сұранды. 31 желтоқсанда жұмыстан шыққан ол үйіне бармаған. Ал телефоны өшіп қалған.

"Мен оның әріптестерімен, ауысым жетекшісімен сөйлестім. Cұранып кетіп, үйіне Жаңа жылды қарсы алуға баратынын айтты. Содан кейін мен полицияға жүгіндім. Содан бері алты күн өтті. Бірақ нәтиже жоқ", - дейді жоғалған әйелдің күйеуі Жорабек Бахтияров.


Бизнесмен шашын алып берген: Отбасы желіде тараған суретті көріп, 10 жыл бұрын жоғалған туысын тапты 


Айсұлуды үйінде төрт баласы күтіп отыр. Жұбайының айтуынша, бір күн бұрын әйелі екеуі арасында ешқандай сөзге келіспеушілік болмаған. Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіп, іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

"Қазір анамыз жоқ болғандықтан, қиналып жатырмыз. Біз оның үйге аман-есен оралғанын қалаймыз. Бүкіл отбасымызбен оны күтеміз", - дейді қызы Аружан.

Шымкент әуежайында әйелдің әуе кемелерін тазалаушы болып жұмыс істегенін айтқан. Ол жоғалып кеткеннен кейін әуе айлағында қызметтік тексеру жүргізілді. Сол түні Айсұлудың өз еркімен жұмыс орнынан кеткені анықталды.

"Оны үйге қайтармаған. Білмеймін, ол сұранған. Видеодан көрінгендей, ол өзі кешкі сағат 11-де жұмыстан шыққан. Қызметкерлер оның телефон нөміріне қоңырау шалды. Қоңырау барып тұрса да, ол телефонын көтермеген. Одан кейін телефон өшіп қалған", - деді әуежайдың баспасөз хатшысы Мәди Уәлиханов.

Талқылау