Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бизнесмен шашын алып берген: Отбасы желіде тараған суретті көріп, 10 жыл бұрын жоғалған туысын тапты

Бразилиялық отбасы 10 жыл бұрын жоғалып кеткен туысын тапты. Үй-күйсіз жүрген қаңғыбас суреті желіде тараған соң туыстарымен қауышты. 

Жоау Коэльо Гимарес 2010 жылы жоғалып кеткен. Ол өмір сүру үшін көшеде қоқыс жинап, жан бағып келген. 

Киім дүкенінің иесі, бизнесмен Алессандро Лобо Жоау Гимареске тамақ береді. Алайда қаңғыбас тамақтан бас тартып, оның орнына шаш-сақалын алып беруін өтінеді. Бизнесмен оның айтқанын орындайды. Онымен қоса жаңа киімдер сыйлап, шашын әдемілеп қиғызады. 

"Оның шашын, сақалын алып, көңіл-күйін көтердік", - деді Лобо.

Осыдан соң кәсіпкер үш жейде мен шалбар, жаңа аяқ киім сыйлайды. Лобо Гимарестің шашын алмаған кезін және алғаннан кейінгі суретін желіде жариялайды. 

Лобоның айтуынша, Гимарес өз келбетіне риза болып қайтыпты. Сурет желіде тараған соң туыстары Гимареспен кездесуге келеді. 

"Туыстары суретті көріп, бізге хабарласты. Бір адамның тағдырын өзгерту үшін кішкене ғана қадам жеткілікті. Біз мұның соңы осылай аяқталатынын білген жоқпыз", - деді бизнесмен. 

Айтуынша, ол өзге кәсіпкерлер мұқтаждарға көмектессін деген ниетпен Гимарестің суретін әдейі жариялаған екен.

Талқылау