Жаңа оқу жылында оқушылар қалай білім алады? Білім министрлігі айтты
Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта оқитынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын.
Қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді", – деді министрлік өкілі.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"