Жаңа көйлегін көрсетіп мақтанған Ерке Есмаханды желі қолданушылары сынап тастады (видео)
Орындауындағы әндер хитке айналатын әнші Ерке Есмахан желіде түрлі көйлектерін жариялап, жұртты әнімен ғана емес, сұлулығымен еліктіргенді ұнатады. Бұл жолы желіде жаңа көйлегін жариялаған әнші көпшіліктің сынына ұшырады, – деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Ерке Есмахан Instagram желісіндегі жеке паарқшасында жаңа көйлегін киіп түскен суретін жариялады.
«Өзіме де, көйлегіме де көзім тоймай отыр», – деп жазды әнші парақшасында.
Әнші аталған жазбаны жарилағаннан кейін аз ғана уақыт ішінде мыңдаған қолданушы пікір қалдырған екен.
Десе де әншінің желідегі оқырмандарының пікірі қақ бөлінді. Бірі әншіні аққуға теңеп, сұлулығына тамсанып, көйлектің жарасып тұрғанын айтып жатты. «Керемет! Сөзім жоқ. Өзіңіз де, көйлегіңіз де сондай әдемі», «Су перісі сияқты ерекше сұлусыз», «Көйлегіңіз сондай жарасымды. Талғамыңыз жақсы екен», – деп жазды әншінің желідегі оқырмандары.
Ал келесі топ Еркені мақтаншақ деп атап, көйлегін сынап тастады. «Көйлегі тым ұзын. Жерге сүйретіліп жатыр. Матаға обал ғой», «Көйлегі денесіне тым жабысып қалыпты», «Осы Ерке қашан да мақтанып жүреді екен. Тым мақтаншақ», – деген пікір қалдырды желі қолднаушылары.
Оқи отырыңыз:
Төлеген Мұхамеджанов: Ажырасқан соң үйден бір портфельмен шықтым, түнейтін жерім болмады
Төреғали «Жыл таңдауы-2017» бәйгесінің қулығын әшкереледі
Нағима Есентаева ағасына жар іздеп, жеңгесіне қойылатын талаптарды тізіп берді
Баян және Тұрсынғали Алагөзовтердің некелесу рәсімінен видео жарияланды (видео)