"Жан дүниесі қазақ": Желіде қазақша ән шырқаған орыс жігіті жұртшылықты тәнті етті
Tik Tok желісінде тойда Александр есімді орыс жігіттің қазақ тілінде шырқаған әні жұртшылықты тәнтті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Александр той жүргізушісіне өзінің адай екенін айтып таныстырады. Кейін қазақ тілінде ән айтып, жұртшылықты таңғалдырады.
"Тіл білу – байлық екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім", "Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлттарды жақсы көремін. Бейбітшілік пен мәңгілік достық болсын"," Шын жүректен шырқап тұр. Жан дүниесі қазақ", – деді желі қолданушылары.
@makanov.daniyar АЛЕКСАНДР 🔥🔥🔥
♬ оригинальный звук - Данияр Маканов
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”