Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?
Жезөкшелерді қамшымен қуған атышулы рэпер Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызының өзіне қатысты пікіріне жауап берді.
“Баяндар (Баян Мақсатқызы, – ред.) маған ақыл айтатын адам емес. Олар болып жатқан жағдайдың түбіне жетпей отыр. Бұл – интернетке арналған жоба. Бұл жерде біз тек жезөкшелерді сабауды мақсат тұтып отырған жоқпыз. Олар білмей жатып “шамасы әйелдерге жетеді” деген қорытынды шығарып жатыр. Қазақ қамшыны жауына қолданбаған. Негізгі мақсатымыз – “Жез қамшы” деген бағдарлама арқылы қоғамдағы келеңсіздіктермен күресу”, – деп түсіндірді Ахмадиев.
Рэпер Алагөзованың пікірімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Today.kz.
“Қазақ қыздарының жезөкшелікті қалыпты нәрсе деп қабылдап жатқаны жаныма қатты батады. Егер өзіңіздің қызыңыз көшеде солай тұрса, асып тастайсыз ғой. Баянның пікірімен келіспеймін. Қаншама қыздың ойын өзгертіп отыр ол әйел. Кітабы шыққан соң кейбір қыздардың күйеуімен ажырасып кеткенін естідім. Маған “елді үйрететін сен кімсің?” дейді. Баян кім елді үйрететін?” – деді Ахмадиев.
Рэпер енді заң бұзған дәрігерлер мен педофильдерге қарсы әрекет жасайтынын айтты.
Айта кетейік, Жан Ахмадиев көшеде тұрған жезөкшелерді қамшымен ұрып, ол әрекетін видеоға түсірген еді. Оның әрекетін Баян Мақсатқызы жабайылыққа балап, рэпердің жазалануын талап еткен.
Алматы полициясы бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
“Полицияға аталған тұлғаға қандай да бір шара қолдану өтінішімен ешкім арыз түсірмеді”, – деді ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.
Полицияның Жан Ахмадиевтің видеосын тексеріп жатқаны хабарланды.
Тағы оқыңыз:
Қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы: Баян Мақсатқызы қазақ қыздарына үлгі емес
Айдарбекова не себепті келініне ашық сұхбат бергізбейтінін түсіндірді
Айнұр Тұрсынбаева Қайрат Нұртастан қалай жеңілгенін айтып берді