Жәмила Бақбергенова үшінші рет әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова Албаниядағы әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Жәмилә Бақбергенова Тиранадағы олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдеседі. 72 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз алғашқы белдесуінде молдовалық балуаннан басым түссе, ширек финалда балуан чехиялық Адела Ханзличкованы 6:3 есебімен, жартылай финалда да монғол балуаны Болортунгалаг Зоригті де 6:3 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты. Ал финалда жапониялық балуанмен белдеседі.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

