Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында танымал мафияның белсенділері ұсталды

Жамбыл облысында қалааралық бағыттағы көлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалап келген қылмыстық топ құрықталды. Полиция жүргізген арнайы операция кезінде олардың алтауы қолға түскен, деп хабарлайды КТК.

20170610194741

Ішкі істер министірлігінің криминалдық полициясы ұйымдастырған арнайы операция бір мезетте қаланың бірнеше аумағында жүргізілген. Бірақ оның нақты қашан өткізілгені белгісіз. Ал мына кадрлар бүгін түс ауа тарай бастады. Онда арнайы жасақтың белгісіз бірнеше адамды тұтқындап жатқаны анық көрінеді.

Қолдағы бар мәліметтеге қарағанда, бұлар – қалааралық бағытта жолаушы тасымалдайтын жүргізушілерден ұдайы ақша бопсалап жүрген қылмыстық топ мүшелері. Әрі олардың заңсыз жолмен алынған ақшаны түрмедегі сотталушыларға жіберіп отырғаны анықталған. Қазір ұсталғандардың бұл істі неше жылдан бері кәсіп еткендері тексеріліп жатыр. Әзірге тек 6 адамның қолына кісен салынған. Құрықтау шарасы әлі де жалғасуы мүмкін.

“Ұйымдасқан қылмыстық топтың  жылдық айналымы шамамен 10 млн. теңгеден астам. Ұсталғандардан ақша, жүргізушілерден жиналған қаражат жазбалары бар күнделіктер және тағы басқа заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандар кінәларын толық мойындауда”, -ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

 

Талқылау