Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты өз-өзіне қол салды
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды.
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
Облыс прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаевтың айтуынша, депутаттың денесі 5 тамыз күні өз үйінен табылған. Оның денесінен ешқандай жарақат іздері табылмаған.
56 жастағы Қайрат Терлікбаев “Қазақстан темір жолы” ҰҚ” акционерлік қоғамының филиалы “Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнын” басқарған.
ол еңбек жолын Луговой жол дистанциясында жол монтері болып бастаған Қайрат кейінгі жылдары Жамбыл жол бөлімшесінде инженер, Луговой жол дистанциясында жол бригадирі, инженер-нормалаушы, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында құрылыс жөніндегі шебер, осы кәсіпорынның инженер-нормалаушысы болды. 1999 жылы кәсіпорынның бас бухгалтері лауазымына тағайындалады.
Оқи отырыңыз:
Бурабайда үрлемелі матрасы аударылған екі қыз дүйім жұрттың көз алдында мерт болды
Елімізде соңғы тәуліктерде 11 адам суға кетті
Астанада өзіне қол салған қыздың артында 2 жасар сәбиі қалған
Ақмола облысында көліктің дөңгелегі жарылып, баласы мен анасы көз жұмды