Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайда үрлемелі матрасы аударылған екі қыз дүйім жұрттың көз алдында мерт болды

Бурабай көлінде шомылып жүрген қос бойжеткен дүйім жұрттың көз алдында суға тұншығып, мерт болды. Аяқ астынан тұрған қатты желдің салдарынан қыздардың үрлемелі матрасы аударылып кетіп, олар суға батып кеткен.

20621757_461166794267957_8543958345222338293_n

Бұл туралы оқиғаның куәгері болған Ұлан Әбішев есімді азамат желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ол өзі де білместен, өліммен арпалысып жатқан қыздарды кездейсоқ суретке түсіріп алыпты.

“Достар! Мен және менің отбасым қайғылы жайттың куәсі болып, қамығып қалдық. Бүгін біз Бурабайдағы Ақылбай елді-мекеніне жақын Кіші Шабақкөлде демалып қайттық. Бірнеше сағат шомылып болғаннан кейін біз заттарымызды жинастырдық, ал мен естелік үшін бірнеше сурет түсірдім. Ал кейіннен сол суреттердің бірінде нағыз трагедияның көрініс тапқанын білдік.

20604297_461166840934619_1760803762126869773_n

Дәл сол уақытта екі бойжеткен мен бір жасөспірім өмір үшін арпалысып жатқан еді. Аяқ астынан жел тұрғандықтан, олардың үрлемелі матрасы аударылып кеткен. Бірнеше жігіт оларды құтқармақ болып, суға түскенімен, олар тек баланы жағаға алып шықты. Өкінішке қарай, қыздарды құтқара алмады. Жігіттер әрі-бері жүгіріп, құтқарушыларға хабарласуды өтінді. Ал құтқарушыларды бір сағат күтуге тура келді”, – деп жазды ол.

Азаматтың айтуынша, демалыс орындарында қауіпсіздік шаралары қарастырылмағандықтан осындай оқиғалар жиі қайталанады. Жауапты органдар жазалансын дейді қапаланған куәгер.

“Бұл уақыт аралығында біз дәрменсіз күйде суға қарап, қыздарды көреміз деп үміттендік. Әйелдер мен балалар жылап жатты. Ал көлдің өзінде кезекші де, қайық та, құтқару жилеттері де болған жоқ”, – деп жазды Ұлан Әбішев.

Оқи отырыңыз:

Елімізде соңғы тәуліктерде 11 адам суға кетті

Астанада өзіне қол салған қыздың артында 2 жасар сәбиі қалған

Ақмола облысында көліктің дөңгелегі жарылып, баласы мен анасы көз жұмды

Астанадағы Нұра-Есіл каналында пиранья балықшыны тістеп алды

Талқылау